• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2026
  • Аскарова Нургуль Магауияевна

    Аскарова Нургуль Магауияевна

    21 жыл жұмыс өтілі, УДЗ маманы
    Жоғары санатты дәрігер
    4.0 Рейтинг
    Құйші Дина көшесі 9, Ахматова көшесінің бұрышында, Астана Картадан қарау
    дс-жм: 09:00-17:00
    0 тг
    TopDoc.kz

    Жалпы мәліметтер

    Аскарова Нургүл Магауияқызы — жоғары санатты ультрадыбыстық диагностика дәрігері, заманауи аспаптық диагностика саласында мол тәжірибесі мен терең кәсіби білімі бар жоғары білікті маман.

    Халықаралық стандарттарға сай жоспарлы да, шұғыл ультрадыбыстық зерттеулерді жүргізу әдістемелерін жетік меңгерген. FAST (Focused Assessment with Sonography for Trauma), BLU (Bedside Lung Ultrasound), FOCUS (Focused Cardiac Ultrasound) және өзге заманауи алгоритмдер бойынша шұғыл диагностика жүргізеді, бұл өмірге қауіпті жай-күйлерді жедел анықтап, дер кезінде клиникалық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

    Клиникалық ойлауы жоғары, шұғыл жағдайларда жылдам бағдарланады, басқа мамандықтағы дәрігерлермен тығыз үйлесімде жұмыс істей отырып, пациенттерді диагностикалау мен емдеуде кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

    Пациенттерге мұқият, тактикалы қарайды, зерттеу нәтижелерін егжей-тегжейлі түсіндіреді, сенім мен психологиялық жайлылық атмосферасын қалыптастырады.

    Кәсіби дағдыларын үздіксіз жетілдіреді, салалық конференциялар мен оқу бағдарламаларына қатысады, ультрадыбыстық диагностиканың заманауи әдістерін практикаға енгізеді.

    Жүргізілетін диагностика түрлері:

    • Іш қуысы және құрсақ арты кеңістігі ағзаларының УДЗ;
    • Несеп-жыныс жүйесі, ұма ағзалары, қуықасты безінің УДЗ (ТРУЗИ, ТАУЗИ);
    • Қалқанша және сүт бездерінің УДЗ;
    • Беткей орналасқан ағзалардың, сілекей бездері мен лимфа түйіндерінің УДЗ;
    • Жұмсақ тіндердің УДЗ;
    • БЦА (брахиоцефалдық артериялар), аяқ-қол тамырлары, құрсақ қуысы тамырлары, бүйрек тамырларының УДЗ;
    • Тізе буындарының УДЗ;
    • Акушерлік және гинекологиялық УДЗ;
    • Халықаралық стандарттарға сай шұғыл УДЗ: FAST-протокол, BLU-протокол, FOCUS-протокол және т.б.

    Жұмыс тәжірибесі

    2010–2016 жж. «Тереңөзек» кентінің Орталық аудандық ауруханасы, Қызылорда қ.

    2016–2026 жж. ШЖҚ «№2 қалалық көпбейінді аурухана» МКК

    2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Эмирмед» медициналық орталығы, УДЗ дәрігері

    Білімі

    1998–2005 жж. ҚазММА, мамандануы – емдеу ісі

    Біліктілікті арттыру

    2023 ж. Халықаралық қатысуымен өткен «Ультрадыбыстық диагностиканың өзекті мәселелері» ҚР УДЗ дәрігерлері конференциясы (Қазақстан)

    2024 ж. «Медициналық ультрадыбыс: кеше, бүгін, ертең» халықаралық конгресі

    УДЗ-диагностика бойынша заманауи мәселелер мен практикалық тәсілдерге арналған халықаралық кәсіби форум (Қазақстан)

    2025 ж. Халықаралық қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы УДЗ дәрігерлерінің III съезі (Қазақстан)

    4.0 Рейтинг

    Дәрігерлер удз мамандары

    Айтенова Балкия Балгабаевна
    30 жыл жұмыс өтілі, УДЗ маманы
    52 пікір
    4.6 Рейтинг
    Петрашевич Оксана Ивановна
    20 жыл жұмыс өтілі, УДЗ маманы
    19 пікір
    5.0 Рейтинг
    Родионова Анастасия Владиславовна
    22 жыл жұмыс өтілі, УДЗ маманы
    13 пікір
    5.0 Рейтинг
    Жаманова Гульнара Сандбековна
    12 жыл жұмыс өтілі, УДЗ маманы
    8 пікір
    4.9 Рейтинг