Жатыр мойнының эрозиясы – жатыр мойыны бетінің әр түрлі өзгерістері қарастырылатын түсінік.
Жатыр мойнының эрозиясы деп аталатын өзгерістер 40 жасқа дейінгі әйелдердің жартысында анықталады. Бұзылыстардың ішінде жатыр мойнының эктопиясы өте жиі кездеседі. Оны қателесіп эрозия деп атайды.
Шынайы эрозия – жатыр мойнының қынапқа шыға берісіндегі көпқабатты жалпақ эпителий аймағының зақымдануы
Псевдоэрозия:
Эктопия (эрозия) диагностикасы үшін гинеколог кеңесі қажет. Гинеколог әдетте талдау үшін жатыр мойнының бетінен жағынды алып, кольпоскопия (кольпоскоп деп аталатын арнайы құралмен қынапты және жатыр мойнын қарау) жасайды. Қажеттілік туындаған жағдайда биопсия (зерттеу үшін тіннің кішкентай бөлігін кесіп алу) тағайындалады.
Көп жағдайда жатыр мойнының эрозиясы (эктопия) ешқандай симптомсыз болуы мүмкін. Кейде келесідей симптомдар байқалады:
Жатыр мойыны эрозиясының белгілері әлсіз болғанымен, әр түрлі жұқпалар мен басқа да жағымсыз салдардың көзі болуы мүмкін. Сондықтан эрозияға күдіктенгенде дереу дәрігер-гинекологқа қаралу қажет. Эрозияны ерте анықтау жергілікті әсері бар препараттармен жылдам әрі тиімді емдеуге мүмкіндік береді.
Жатыр мойны эрозиясын емдеу үшін бактерияға, вирусқа және саңырауқұлаққа қарсы дәрілік заттар қолданылады.
Бірақ жиі коагуляция (күйдіру) пайдаланылады:
Барлық әдістердің оң және теріс жағы, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері бар. Жатыр мойны эрозиясын емдеудің нақты бір әдісін тек дәрігер-гинеколог ғана таңдай алады.
Эктопияның ең қауіпті асқынуы - жатыр мойнының рагы. Бұл әйелдер арасында ең кең тараған онкологиялық ауру түрі болып табылады. Алайда эрозия рактың даму себебі (жиі оның себебі адамның папиллома вирусы) болып есептелмейді. Бірақ зақымданған шырышты қабат жұқпа мен вирустарға, соның ішінде адамның папиллома вирусына қоректік орта болып табылады.
Жалпақ және цилиндрлік эпителиалды жасушалар арасындағы шекараның ығысуы жатыр мойны эрозиясының ең бірінші себебі болып табылады. Ол туа біткен немесе шынайы эрозияның жазылуы, вирустық және бактериалдық жұқпалардың (хламидиоз, папилломавирус, уреаплазмоз, кандидоз, гонорея), қабыну үдерісінің, химиялық және физикалық әсердің нәтижесіндегі жүре пайда болған болуы мүмкін.
- - - - - - - - - - - - - - - -
Білікті гинекологты TopDoc.kz платформасы арқылы табуға болады. Мұнда сіз:
🔶 дәрігерді еңбек өтілі, орналасқан жері мен қабылдау бағасы бойынша таңдай аласыз;
🔶 нақты пациенттердің пікірлерін оқи аласыз;
🔶 кіші жамбас ағзаларының УДЗ-сын өзі жасайтын гинекологты таңдай аласыз;
🔶 әйел гормондары деңгейін тексеру үшін гинеколог-эндокринологты таба аласыз;
🔶 онлайн-өтінім арқылы қабылдауға жазыла аласыз;
🔶 өзіңізге сай дәрігерді таңдап, жазып беретін кеңесшіден көмек ала аласыз.
Әйел денсаулығын сақтаңыз — гинекологқа уақтылы қаралу асқынулардың алдын алып, жайлылықты тез қалпына келтіруге көмектеседі.
- - - - - - - - - - - - - - - -
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен гинекологтың кеңесіне жазылыңыз:
🔷 сайтта өтінім қалдыру,
🔷 бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
🔷 +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.